Референдум: халықаралық байқаушыларды кім қаржыландырған?

Рая Минап
Ulysmedia.kz

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник брифинг барысында республикалық референдумда жұмыс істеген халықаралық байқаушыларды кім қаржыландырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, референдумға Қазақстанға 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан байқаушылар келген. Бұл ретте олардың қызметін қаржыландыру олардың мәртебесіне байланысты әртүрлі болған.

- Халықаралық ұйымдар жіберген байқаушылар сол ұйымдардың өз бюджеттері есебінен қаржыландырылады. Атап айтқанда, ТМД, ШЫҰ және басқа да құрылымдардың өкілдері туралы сөз болып отыр. Барлық шығындар — тұру, ұшу, тәуліктік шығыстар олардың өз тарапынан өтеледі, - деді Бортник.

Сондай-ақ ол шетел мемлекеттері парламенттері мен орталық сайлау комиссиялары жіберген байқаушылар да өздерін жіберген тараптың есебінен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

ОСК өкілінің айтуынша, 15 наурызда өткен республикалық референдумды өткізуге бөлінген бюджетте халықаралық байқаушыларға қаражат қарастырылмаған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Референдум бойынша қорытынды нәтижелер жарияланды.