Ардақ Назаров депутаттықтан кете ме?

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжілісмен Ардақ Назаров депутаттықтан кету туралы сұраққа жауап бермей қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлыс тілшісі мәжіліс кулуарында Назаровқа “депутаттықтан кетуге дайынсыз ба?” деген сұрақ қойды. 

- Сұрақ қоюға болмайды. Не үшін жауап беремін? Кейін жауап беремін, – деп редакция тілшісінің телефонын итеріп жіберді. 

Еске салайық, бұған дейін Ұлыс тілшісінің бұл сұрағы мәжілісмен Лұқбек Тұмашиновқа да ұнамай қалған болатын. 

НАЗАРОВТЫҢ НАЗАР АУДАРТҚАН ӘРЕКЕТТЕРІ

Еске салайық, депутат Ардақ Назаров мәжіліс отырысында депутаттық сауал жолдарының алдында шешесін туған күнімен құттықтаған болатын. Ары қарай премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа депутаттық сауалын жолдап, Қазақстан әскеріне қатысты ұсыныс айтып, бірнеше сұрақ қойды. Қазнет қолданушылары депутаттың бұл әрекетін түсінбей, қызу талқылады. Олар депутат мәжілісті өзекті мәселе көтеріп, проблемалар туралы айтудың орнына туған күнмен құттықтауға арналған “алаң” ретінде қолданғанына наразы болған.

Оған дейін Ардақ Назаров Түркістан қаласының ерекше мәртебесін талқылау кезінде бір көзге түскен.

Енді бірде Назаров “ажырасатын жұптарға тыйым салу керек” деп ел назарын аударған еді.