Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік ассамблеясының (ҰҚШҰ ПА) саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы болып бірауыздан сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Құспанның кандидатурасы 27 наурызда өткен отырыста ұйымға мүше барлық мемлекеттердің қолдауына ие болды. Ол басқаратын комиссия сыртқы саясатты үйлестіру және қауіпсіздік мәселелерін қараумен айналысады.
ҰҚШҰ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл тұрақты комиссия мүше елдердің парламенттері арасындағы сыртқы саяси қызметті үйлестіруде маңызды рөл атқарады.
Ведомствоның хабарлауынша, комиссия құзыретіне өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту, халықаралық ұйымдармен парламентаралық диалогты дамыту, сондай-ақ өзекті геосаяси сын-қатерлерге ортақ ұстаным қалыптастыру мәселелері кіреді.