Жанәбіловтердің сотына блогер Дархан Жолшыбеков келді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Танымал қазақстандық блогер Дархан Жолшыбеков Астанадағы ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотқа келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматыдан келген Жолшыбеков сотта ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша куә ретінде жауап беріп жатыр.

Жолшыбеков те әлеуметтік желілердегі парақшаларында онлайн ұтыс ойындарын өткізген. Соттағы жауап беру кезінде куә бұған дейін заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Сонымен қатар, Жолшыбеков Жанәбіловтермен бес жылдан астам уақыттан бері таныс екенін жеткізді. Оның айтуынша, ерлі-зайыпты өз өнімін іске қоспас бұрын онымен кеңескен.

Одан кейін сотта тағы бір танымал блогер Нұрбек Нұртаза куәлік береді.

КОНТЕКСТ

Ерлі-зайыпты блогерге Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған – 214-бап (заңсыз кәсіпкерлік) және 218-бап (ақшаны заңдастыру). Өткен жылдың қыркүйегінде Астанадағы мамандандырылған сот Жанәбілов пен Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі қараған болатын. Олар Instagram желісінде лицензиясыз ақша, көлік және басқа да бағалы сыйлықтарды ойнатқан заңсыз лотерея өткізгені үшін кінәлі деп танылған. Кейін іс материалдары күтпеген жерден Қаржылық мониторинг агенттігіне, одан соң Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс бойынша сот процесі жақында ғана басталғанымен, онда жалған айғақтар мен қолдан жасалған айыптар туралы пікірлер айтыла бастады. Алдыңғы сот отырысында не болғаны туралы біз бұған дейін жазған едік.