Алматыда маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – батыс кәріз коллекторының құрылысы басталды. Ауқымды жұмыстарға байланысты қалада жол қозғалысына шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, қазіргі кезеңде диаметрі 600 мм болатын өздігінен ағатын кәріз жүйесін К72-ден К95-ке дейінгі аралықта салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.
Қазу жұмыстры Наурызбай ауданында Құрылыс көшесі бойында – Абай даңғылынен Алатау даңғылыне дейінгі учаскеде өтеді.
– Жол-көлік желісінің жекелеген учаскелерінде жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарынан өзгерістерді ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп хабарлады Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, бұл жобаның стратегиялық маңызы зор.
– Қазіргі уақытта Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде қажетті қуаттағы магистральдық кәріз коллекторы жоқ. Ал қолданыстағы жүйелер халық санының өсуі мен белсенді құрылысқа байланысты шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін хабарланғандай, құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Құрылыс көшесінде қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі. Сондай-ақ Наурызбай ауданындағы Абай даңғылы мен Құрылыс көшесінің қиылысы маңында да шектеулер болады.
Шектеулер 2026 жылғы 30 наурыз бен 10 маусым аралығында күшінде болады.