Мұхтар Шахановпен қоштасу 21 сәуірде өтеді

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек ері, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың жаназасы 21 сәуір шығарылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде дүниеден озды.
 Марқұмның жаназасы 21 сәуір (сейсенбі), сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында шығарылады.

Асы 13:00-де LuxHall банкет залында (Достық даңғылы, 341/1) берілетін болды. 

Еске сала кетейік, Журналист Назерке Шәкірбай желіде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханованың президент Тоқаевқа жазған ашық хатын жариялаған болатын. 

Өтініш хатта қаламгердің жары Мұхтар Шахановтың қазақ руханиятындағы орнына тоқталып, ақынның мәңгілік тыныс табатын жері ретінде ата-бабаларының киелі мекені – Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерленуді аманат еткенін жазған.