Черногория Үкіметі 2026 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
- Осылайша, қазақстандықтар ағымдағы жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады -, делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметте.
Ұзақ сапарлар үшін тиісті виза ресімдеу қажет.
Черногория қандай ел?
Черногория — Оңтүстік-Шығыс Еуропада, Балқан түбегінде орналасқан шағын мемлекет.
Астанасы — Подгорица. Адриатика теңізіне шығатын жолы бар (танымал курорттар орналасқан).
Халқы — шамамен 600 мың адам.Тілі — черногор тілі (серб тіліне өте ұқсас). Валютасы — еуро.
Черногория таулары мен теңізі, сондай-ақ Котор сияқты көне қалаларымен танымал туристік ел. Экономикасы негізінен туризмге тәуелді.