Талғар ауданында екі оқушы суға батып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Талғар ауданындағы Өстемір ауылы маңындағы «Саз Талғар №2» су қоймасында екі оқушы батып кетті. Оқиға туралы хабар 112 желісіне 8 мамырда келіп түскен.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері барған. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар екі кәмелетке толмаған баланың денесін судан алып шыққан.
Ата-анасының қарауынсыз қалған екі кәмелетке толмаған бала су айдынының жанында, демалуға жабдықталмаған жерде болған. Абайсыз әрекет салдарынан олар суға құлап кеткен.
Алматы облысы ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпті учаскелерге бармауға шақырады.