Президент Әкімшілігі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

Ulysmedia
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Президент Әкімшілігінің жетекшісі Роман Склярға жаңа көмекші тағайындалды. 

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РАНХиГС) Executive MBA бағдарламасы бойынша білім алған.

2002-2005 жылдар аралығында Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек етті. 2005 жылдан 2012 жылға дейін Премьер-министр кеңсесінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды: аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі және заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2012-2013 жылдары Премьер-министр кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімін басқарды.

Контекст

Еске салайық, 5 мамырда Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың орнына Роман Скляр тағайындалған еді.