Threads желісінде BI Group құрылыс компаниясының тұтынушылары қазақ тілінің қолданысына қатысты наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Желі қолданушысы Астанада үйдің кілтін тапсыру салтанатында BI Group құрылыс компаниясының өкілі тек орысша сөйлегенін сынға алып, пост жариялады.
“Бүгін @bi.group өткізген Астанада үйімізді алуға байланысты іс шарада презентация көрсеткен қыз толықтай тек орыс тілінде сөйлеп тұрды. Ең болмағанда екі тілде сөйлеу керек еді! Кілтін алып қуанып тұрғанның барлығы дерлік қазақтар. Кім үшін орысше сөйлеп тұр? Осындай үлкен компания үшін өте ұят тірлік! Орысша түсінсек те, біз өз тілімізде бізге үйімізді таныстырғанын қалаймыз. Өзіміз 1 емес 4 тілде сөйлей аламыз. Бірақ қазақ тілінің мәртебесін өз елімізде бұлай төмендетуді қояйықшы”, – деп жазды ол.
Көпшілік жазба авторын қолдап, компания әрекетіне наразылықтарын білдірді .
“Осындай улкен компанияда қазақ тілінде сойлейтін бір адам табылмағаны ма?”, “Құл ғана қожайынның тілінде сөйлейді. Себебі қожайындарының өзі орыс тілді адам ғой”, “Бұл заң бұзушылыққа жатады.ҚР Тіл туралы заңының 21 бабының 3 тармағына сәйкес хабарландырулар,жарнамалар, барлық түрдегі көрнекі ақпараттар ең алдымен қазақ тілінде, соңынан қажет болған жағдайда басқа тілдерде орналастыру көзделген”, “@bi.group ешкім талап етпесе де, ҚР заңын бұзбай табыстаңыздар кілттеріңізді”, дегендер бар.
Ал кейбіреулері сол жерде бірден қазақша сөйлеуді талап ету керек еді деп жазған. Пост авторы баспаналы болып жатқан адамдардың көңіл-күйін бұзғысы келмегенін, сондықтан үніз қалғанын айтқан.