Туристерге құлаққағыс: Капуташ пен Белек жағажайларында жаңа ережелер енгізілді

Ulysmedia
ашық дереккөз

5 маусымнан бастап Түркиядағы бірнеше танымал қоғамдық жағажайда жаңа шектеулер күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жергілікті Cumhuriyet басылымының жазуынша, бұл тыйым әлемге әйгілі Капуташ жағажайында да енгізілген. 

«Темекі шегуге арналған жағажайлар жабылмайды, бірақ ол үшін арнайы аймақтар жасалады.Олар бір-бірінен кемінде 200 метр қашықтықта орналасады. Бұл аймақтардан тыс жерде темекі шеккендерге айыппұл салынады», - делінген хабарламада.

Темекі шегуге тыйым қай жерде енгізілді

Жаңа ережелер әзірге тек Антальяның муниципалдық аумақтарында күшіне енді. Ал жеке қонақүйлер бұл ережені өз қалауынша енгізе алады.

Шектеулер қазіргі таңда төрт жағажайда – Лара, Белек, Чамьюва және Бич Паркте енгілген.

Сонымен қатар елде болашақта темекі сатуды біртіндеп қысқарту мәселесі де талқылануда.

Темекі түтіні мен қалдықтарынан бөлек Анталья әкімдігі бірреттік пластикпен де күрес жүргізіп жатыр. Туристер пластик бөтелкелерді аз сатып алуы үшін саябақтар мен жағажайларда тегін ауызсу орнатылуда. Демалушыларға өздерінің көп рет қолданылатын бөтелкелерін алып келіп, соларға тегін су құю ұсынылады.

Сондай-ақ теңіз акваториясында қоқыс жинайтын арнайы кемелерді іске қосып, өзен сағаларында қалдықтарды ұстайтын тұзақтар орнату жоспарланған.