Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы «Аманат» пен «Әділет» партиясының қосылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Оның пікірінше, “Аманат” “Әділетке” қосылған жоқ, тек жабылған.
“Әсілінде “Аманат” партиясы жаңа туған “Әділетке” қосылған жоқ. Өз атауымен айтсақ “жабылды”. Тек оның бүкіл ел аймағындағы ғимарат, басқа да материалдық ресурстары қажет болғандықтан, бұл үдерісті «қосылу» деп көрсету құқықтық тұрғыдан қолайлы болды. Екіншіден, Аманаттағы кей депутаттардың “Әділет” атынан қайта сайлануына да моральдық тұрғыдан ыңғайлы болып отыр.”, – дейді ол.
Сондай-ақ, дінтанушы партияны неліктен жабып жатқанын түсінбейтінін айтады.
“Өздері атын “Аманат” деп ауыстырып, қазіргі биліктің толық бақылауында болған партияны жабу неліктен қажет болды деген сұраққа мардымды жауап таба алмай отырмын. Атын ауыстырсаң да, ескісін жауып, жаңасын ашсаң да, заты өзгермей ешнәрсе түзеле қоймас. Керісінше көп адамның саяси һәм адами тұрғыдан қадірін кетіріп жіберді”, – дейді Қайрат Жолдыбайұлы.
Контекст
Бұған дейін журналист Асылхан Мамашұлы Конституциялық сотқа арыз жазып, Аманат партиясы парламентте заңсыз отыр деп мәлімдеді.