Алдағы дүйсенбі, 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі. Мереке аптаның басына түскендікен, ел тұрғындары үш күн демалады. Ал Халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл күні жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НЕШЕ КҮН ДЕМАЛАДЫ?
Бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер үшін 4, 5 және 6 шілде (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) қатарынан демалыс күндері болады. Жұмыс 7 шілде, сейсенбі күні қайта басталады.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін қосымша демалыс тек 6 шілде, дүйсенбіге тиесілі. Бұл жағдайда 4 шілде (сенбі) жұмыс күні болып қалады, ал демалыс 5 және 6 шілдеде болады.
ХҚКО-ЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, 6 шілде күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
4 шілде, сенбі күні тек кезекші бөлімшелер қызмет көрсетеді.
7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.