Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандық "классик" Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта ұлттық құрама қоржынына қола медальді салды. Жерлесіміз шешуші белдесуде Славик Галстянды (Армения) жеңді.
Ал Алтын Шағаева 59 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде норвегиялық Отелия Хёйеге жол берді.
Сондай-ақ 62 келіге дейінгі салмақта Ирина Кузнецова қола жүлде үшін өткен айқаста үндістандық Савитадан жеңілді.
Айта кетейік, бүгін, 18 шілдеде әйелдер күресінің қалған салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынса, грек-рим күресінен 72 келіге дейін, 87 келіге дейінгі салмақта балуандар бозкілемге шығады.