Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
5 тамыз, сәрсенбі күні Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ығысуы жалғасады. Соның әсерінен аптап ыстық басылып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін.
Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +22…+27 °С-қа дейін төмендейді. Елдің шығысында ауа температурасы +27…+32 °С болады.
Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.