12 тамызда қай өңірлерде жаңбыр жауып, аптап ыстық болады

Ulysmedia
Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстандағы 12 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Толығырақ

12 тамыз, сәрсенбі күні атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның кей өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін.

Елдің орталық және оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы батыс және орталық өңірлерде +27…+39 °C, солтүстік-батыс пен солтүстікте +25…+35 °C, шығыс пен оңтүстік-шығыста +30…+42 °C, оңтүстікте +37…+44 °C-қа дейін көтеріледі.