Доллар 15 теңгеге жуық арзандады

Ulysmedia
Pixabay.com

АҚШ валютасы төмендеп жатыр. Екі апта ішінде доллар 15 теңге арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

18 тамыздағы KASE сауда-саттықтарының қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 460,34 теңге болды. Бір күнде америкалық валюта тағы 93 тиын арзандады. Алдыңғы күні доллар бағамы 461,27 теңге болған.

Еуро да бүгін арзандап, 533,82 теңге болды. Рубльдің бағамы да төмендеуін жалғастырып, 5,4044 теңгеге түсті.

Контекст

Тамыз айының басынан бері доллар айтарлықтай арзандады. 3 тамызда америкалық валюта 475,23 теңге болған еді. Қазір оның бағамы 460 теңгеге жақындады.

Осы уақыт аралығында доллар 14,89 теңгеге арзандаған.