Криштиану Роналду Ташкентке баруы мүмкін

Ulysmedia
Legion Media

Криштиану Роналду биыл күзде Ташкентке баруы мүмкін. Оның Сауд Арабиясындағы «Әл-Наср» клубы Өзбекстан астанасында матч өткізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Ташкентте өнер көрсетуі мүмкін. Бұл АФК элиталық Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жеребе тартылғаннан кейін белгілі болды.

Роналду ойнайтын Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы Ташкентте жергілікті командамен кездеседі. Матчтың нақты күні әзірше белгіленбеген.

Сонымен қатар Роналдудың осы нақты ойынға қатысатыны әлі белгісіз. Сондықтан футболшының Өзбекстан астанасына келетініне де нақты емес.

Роналдуды қашан күтуге болады?

Турнирдің негізгі кезеңіндегі матчтар күзде басталады. Әр команда барлығы сегіз ойын өткізеді: төртеуі өз алаңында, төртеуі сырт алаңда.

Егер Роналду Өзбекстан клубтарына қарсы матчтарда алаңға шықса, оның Ташкентке келуі елдегі жылдың ең маңызды спорттық оқиғаларының біріне айналуы мүмкін.