Қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кәсіпкер әрі меценат Болат Өтемұратов Қазақстанның Forbes тізіміне енген. Ол – «Верный Капитал» тобы жобаларының негізгі инвесторларының бірі.
Сондай-ақ, кәсіпкер өз атындағы қайырымдылық қорын құрған. Қор денсаулық сақтау, білім беру, экология, қаланы дамыту және мәдениет салаларындағы жобаларды жүзеге асырады.
Өтемұратовтың есімі тенниспен де көп жылдан бері байланысты. Ол - Қазақстан теннис федерациясын басқарады және Халықаралық теннис федерациясы (ITF) директорлар кеңесінің мүшесі.
2023 жылғы желтоқсанда ол ITF вице-президенті қызметіне екінші мерзімге қайта сайланды.
Құрылтай сайлауы
23 тамызда Қазақстан жаңа бірпалаталы Парламенттің депутаттарын сайлап жатыр.
Дауыс берушілер тізіміне 12 605 788 адам енгізілген. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Ulysmedia.kz сайлау барысын күні бойы бақылап отыр.