БАӘ-де апалы-сіңлілі қазақ қызы қаза тапты

Ulysmedia
Pixabay.com

БАӘ-нің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы – апалы-сіңлілі Ақжан және Жұлдыз Бохановалар қаза тапты. Қайғылы жағдайды ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы марқұмдардың отбасына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Дипломаттар марқұмдардың денесін елге жеткізуге қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, қазақстандықтардың қаза болу жағдайларын анықтау бойынша БАӘ-нің құзыретті органдарымен байланыста.

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Шарджа қаласында (БАӘ) қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтары Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Қазақстанның Дубай қаласындағы бас консулдығы барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Оның ішінде құжаттарды рәсімдеуге және азаматтардың қаза болуына байланысты БАӘ-нің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесуде, – деп хабарлады ведомство.

Қазақстандықтардың қаза болу мән-жайын БАӘ-нің құзыретті органдары анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты әзірге басқа мәліметтер жарияланбайды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туыстарымен тұрақты байланыста және өз құзыреті шеңберінде қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр.