Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Ulysmedia
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жарлыққа сәйкес, Құрылтайдың бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында өтеді.

Мемлекет басшысы бұл құжатқа 26 тамызда қол қойған. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Контекст

Еске салайық, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелерін жариялаған болатын.

Сайлауда ең көп дауысты «Әділет» партиясы жинады. Оны 6 528 948 адам немесе сайлаушылардың 71,17 пайызы қолдады. Партия 110 депутаттық мандатқа ие болды.

Қалған партиялардың нәтижесі:

  • «Ауыл» – 6,26% (574 621 дауыс), 10 мандат;

  • Respublica – 5,56% (509 631 дауыс), 9 мандат;

  • «Ақ жол» – 5,21% (478 083 дауыс), 8 мандат;

  • ЖСДП – 5,11% (469 058 дауыс), 8 мандат;

  • Қазақстан халық партиясы – 3,11% (285 395 дауыс);

  • «Байтақ» – 1,07% (97 751 дауыс).

Құрылтайға өту үшін партиялар сайлаушылардың кемінде 5 пайызының дауысын жинауы қажет болды.