«Жеке деректеріңді жариялаймын»: Астана тұрғынынан 18 млн теңге бопсалаған ер адам сотталды

Ulysmedia
sud.gov.kz

Қала тұрғыны жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді таратып жіберемін деп қорқытып, одан 17,6 млн теңгеден астам ақша талап еткен. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді пайдаланып, оларды жариялайтынын айтып психологиялық қысым көрсеткен. Бопсалауды күшейту үшін ол мессенджерде өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған жалған аккаунт та құрған.

- Сол аккаунт арқылы жәбірленушіні ақша беруге, яғни өзі туралы мәліметтердің таралмауын «шешуге» көндірген. Қорқытулардың жүзеге асуынан қауіптенген жәбірленуші сотталушыға жалпы сомасы 17,6 млн теңгеден астам ақша берген, – делінген хабарламада.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық қажетті дәлелдемелерді ұсынды. Нәтижесінде ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.