Петропавлда кәріз құдығынан әйелдің мәйіті табылды

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Петропавлда кәріз құдығынан әйелдің денесі табылды. Қайтыс болған адамның кім екені әзірше анықталған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәйіт аурухана маңынан табылған

Дене 27 тамызда Тауфик Мұхамедрахымов көшесіндегі кәріз құдығының маңынан, қалалық ауруханаға жақын жерден табылған. Әйелдің жасы шамамен 40-та болған. Құжаттары болмаған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті әйелдің денесі табылғанын растады.

– 27 тамызда Петропавлда Тауфик Мұхамедрахимов көшесіндегі кәріз құдығының маңынан әйелдің денесі табылды. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталған жоқ. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады СҚО полиция департаменті.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте жасөспірім 12 метр құдыққа құлап кеткенін хабарлаған едік. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел жетті. Арнайы құтқару құралдарын пайдалана отырып, олар жасөспірімді жоғары көтеріп, оны аман-есен жер бетіне шығарды.