Астанада 27 жастағы әйел мен екі жасар бала биіктен құлау салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полицияның редакцияға берген мәліметінше, әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтер терезесінен құлаған.
Ол екі жасар бала отырған арбаның үстіне түскен.
Бала алған жарақаттарынан көз жұмды. Әйел де оқиға орнында қаза тапты.
Полиция қылмыстық іс қозғап, тексеру жүргізіп жатыр.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.