Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды

Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды. Қазақстан Президентін Үндістан Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

БРИКС (BRICS) - экономикалық ынтымақтастықты нығайту, тәуелсіз қаржы саясатын жүргізу және "Жаһандық Оңтүстік" елдерінің мүдделерін ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ірі дамушы экономикалардың мемлекетаралық бірлестігі.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.