24 қыркүйекте елдің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

24 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Синоптиктер шаңды дауыл, найзағай, тұман және қатты жел болатынын ескертті. Сонымен қатар көп өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл. Атырау қаласында да шаңды дауыл болып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шаңды дауыл Түркістан облысының солтүстігі мен Қызылорда облысында да болжанып отыр. Қызылордада күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Іле Алатауы тауларында да осындай ауа райы болжанып отыр.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, сондай-ақ Абай, Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Петропавлда 24 қыркүйекте жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Бірнеше өңірде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді

Жетісу, Қостанай, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе және Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.

Түнде және таңертең тұман түседі

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында түнде және таңертең тұман болады.

Павлодарда да түнде және таңертең тұман күтіледі. Бұдан бөлек, қалада ауа ластануының артуы мүмкін екені туралы ескерту күшінде қалады.

Өрт қаупі жоғары

24 қыркүйекте еліміздің көптеген өңірінде өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады.

Әсіресе Атырау, Алматы, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Ақмола облыстарында өрт қаупі жоғары.

Астанада да өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.