Қазақстанда 26-28 қыркүйек аралығында күн күрт суытады. Солтүстік-батыстан келген антициклон әсерінен түнде үсік пен жел күшейеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Солтүстік пен шығыста, ал 27 қыркүйектен бастап елдің солтүстік-батысы мен орталығында түнде ауа температурасы минус 1-3 градусқа дейін төмендейді. Көп өңірде жел күшейеді. Оңтүстікте синоптиктер шаңды дауыл болады деп болжап отыр.
Батыс пен солтүстік-батыста үш күн бойы жауын-шашын түспейді. 27 қыркүйектен бастап солтүстікте, шығыста және оңтүстік-батыста да жаңбыр жаумайды.
Ал шығыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде найзағайлы жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аймақтарында түнде қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде таңертең тұман түседі.
Контекст
Бұған дейін 25 қыркүйекте синоптиктер қазақстандықтарды ауа райының күрт өзгеретіні туралы ескерткен болатын. Бірнеше өңірде найзағайлы жаңбыр жауып, оңтүстікте шаңды дауыл соқты. Қостанай облысында түнде үсік болады. Көп облыста төтенше өрт қаупі сақталды.