Juzmedia журналистері тергеуге ілікті: істі ҰҚК жүргізіп жатыр

Ulysmedia
gov.kz

Juzmedia журналисі мен редакторына қатысты соталды тергеу жүріп жатыр. Бұл ақпаратты Ulysmedia.kz-ке Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

Мән-жай

Редакцияға Juzmedia-ның екі қызметкері бопсалау күдігімен ұсталғаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың бірі қылмыс үстінде қолға түскен.

Ulysmedia.kz журналист пен редактордың шынымен ұсталып-ұсталмағанын және тергеудің қай бап бойынша жүргізіліп жатқанын нақтылау үшін ҰҚК-ге сауал жолдаған.

- Соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген комитет жауабында.

Бұл БАҚ туралы не белгілі?

Juzmedia.kz - қазақстандық ақпараттық сайт.

Сайт жұмысын Тоғжан Жалғасбек және басқа да қазақстандық медиа өкілдері жүргізген.

2026 жылғы қыркүйекте сайтта жаңа материалдар жарияланбаған. Қолжетімді кейінгі материал 15 тамызда шыққан.