30 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Соның салдарынан ауадағы ластаушы заттар ұзақ уақыт бойы тарамай, жиналуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
«Қазгидромет» мәліметінше, ескерту Алматы, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Көкшетау және Өскемен қалаларында жасалды.
Ауа сапасы неге нашарлауы мүмкін?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлар қатар болған кезде қалыптасады.
Мұндай жағдайда ауадағы ластаушы заттар нашар таралып, жерге жақын қабатта жиналады. Соның салдарынан қаладағы ауа сапасы уақытша төмендеуі мүмкін.
Әсіресе өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға және аллергиясы бар тұрғындарға сақ болуы керек. Оларға мүмкіндігінше далада аз уақыт болу және қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.