Қай өңірлерде такси қызметі қымбат?

Ulysmedia

Қазақстанда такси қызметі бір жылда 12,2%-ға қымбаттады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Атырауда тіркелді: бір жылда бірден 37,5%. Одан кейін Жетісу және Абай облыстары тұр: 33% және 31,2%.

Ең аз жылдық өсім Ақмола облысында: бар болғаны – 0,5%.

Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалған.

Numbeo дерегінше, 2023 жылғы 14 ақпандағы жағдай бойынша стандартты тарифпен 1 шақырым такси қызметі ең арзан Египетте (0,16 доллар), Пәкістанда (0,19 доллар) және Беларусьте (0,19 доллар) тіркелді.

Арзан елдердің ондығына ТМД-дан Армения мен Өзбекстан (әрқайсысы 0,26 доллар), Украина, Молдова және Ресей (әрқайсысы 0,27 доллар) енді. Қазақстан (0,44 доллар) мен Әзербайжанда (0,59 доллар) такси қызметі қымбаттау.

Ең жоғары баға – Швейцарияда (4,25 доллар), Кувейтте (3,27 доллар) және Ямайкада (3,26 доллар).

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы құндық мәнде бір жылда 16%-ға өсіп, 5 млрд теңгеге жетті.

Ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды ​​облысында байқалды. Бұл саладағы компаниялардың табысы бір жылда 49,5%-ға өсіп, 2,1 млрд теңгеге жетті. Үздік үштікке Астана (1,1 млрд теңге, 0,2%-ға көбейген) және Алматы (1 млрд теңге, 0,9%-ға азайған) қалалары енді.

Осы кезеңде такси қызметін 2,4 млрд жолаушы пайдаланды, бұл – бір жыл бұрынғыдан 1,2% аз.

Жолаушылар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 2,6% төмендеп, 33,9 млрд км болды.