Шымкентте автобус жүргізушілері төбелесіп қалды

Ulysmedia

Шымкентте автобус жүргізушілері арасында төбелес болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Ер адамдар қаладағы аялдамалардың бірінде мәселені шешіп алмақ болған.

Облыстық көлік басқармасының баспасөз қызметі төбелес бір бағыттағы екі автобустың жолаушыларын бөлісе алмаған жүргізушілері арасында орын алғанын айтты. Ер адамдар алдымен бірін-бірі итеріп, кейін бірі екіншісін соғып, бірін-бірі балағаттап, арты жанжалға ұласқан.

"Әр көлік өз кестесімен жүруі керек, белгілі бір автобус белгілі бір аялдамаға белгілі бір уақытта жетуі керек. Алайда қаладағы кептеліске байланысты №103 автобус аялдамаға кеш келді, сол кезде екінші автобус келді. Жүргізушілер арасында кесте бойынша келіспеушіліктен жанжал шыққан. Тексеру жүргізіледі», - деді көлік басқармасындағылар.

Қазір жанжал шешілді. Төбелес шығарған жүргізушіні «ТТК» ЖШС жеке көлік компаниясы жауапқа қартатын болады.