Қазақстанда кедейлік шегін қайта анықтау қажет

Ulysmedia

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Құжат Қазақстандағы кедейлік шегін мынау тәртіппен анықтайды:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептелген орташа табыстың 50 пайызы мөлшерінде.

Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 15 наурызға дейін орналастырылған.

2023 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды.

Өткен жылы жаз мезгілінде Ulysmedia.kz редакциясы қазақстандықтардың кедейліктің салдарынан нені үнемдейтіні туралы айтқан болатын.

Бұған дейін белсенді фермер-саясаткер, шопан Алмасбек Садырбаев Қазақстандағы халық ашаршылыққа ұшырайды деп болжам жасаған болатын.