Қазақстанның алкоголь зауыттары 12 айда 64,9 миллион литр арақ өндірді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың 12 айында ғана зауыттар 2,3 миллиард литр алкогольсіз сусындар өндірсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8 пайызға артық.
656,8 млн литр минералды және газдалған су өндірілді, бұл 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда 1,7%-ға көп.
Табиғи жүзім шарабы өндірісі 33,5%-ға өсіп, 31,1 млн литрді құрады.
Сыра өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға азайып, 717,5 млн литрге дейін кеміген.