Кәсіпкер Тұрсен Алагөзов пен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың экс-келіні Гүлмира Сатыбалдының бұйрығымен ұрланған Айгүл Мекешова одан материалдық және моральдық залал ретінде 12 млрд теңгеге жуық ақша өндіруге ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кәсіпкер Алагөзов Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша басты сот талқылауы барысында Назарбаевтың бұрынғы келінінің өкілдеріне мәжбүрлікпен беру арқылы өзінің Galanz Bottlers компаниясы акцияларының 43%-дан астамынан айырылғанын көрсетті.
"Талап арызға біз шамамен 6 млрд теңгеге бағалап отырған акциялардың 43,25% -ы кіреді. Моральдық залал – шамамен 5 млрд теңге. Бұл менің компаниядан алты жылға шеттетіліп, алты жыл бойы қатты күйзеліске ұшырағаным, дивиденд алмағаным және үлкен моральдық шығынға ұшырағаным үшін", - деді Алагөзов сотта.
Іс бойынша екінші жәбірленуші – Гүлмира Сатыбалдының бұйрығымен ұрланған Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешова өтемақы ретінде 760 млн теңгеден астам ақша сұрады. Ол бұдан бұрын қалай ұрланғанын егжей-тегжейлі айтып берген болатын.
Еске салайық, 14 наурызда Астанада Байқоңыр ауданының N2 сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.
Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер бизнестері рейдерлік жолмен басып алынғанын айтты. Сотталушылар қатарында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, оның жүргізушісі мен көмекшісі бар. Жәбірленушілер – белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева.
Сот отырысы барысында Алагөзовтың адвокаты Ақмарал Бұралқиева сотқа Гүлмира Сатыбалды келтірілген залалды өтеуге және медиативтік келісім жасасуға әрекеттенгенін айтты.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала тыңдауда қорғаушы тарап бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кепілге өзгерту туралы өтініш білдірген болатын. Судья Имашев өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.
Сондай-ақ, прокурор Әлмира Қожахметова Гүлмира Сатыбалды тергеу барысында елден кетіп қалуға тырысқанын айтқан.
Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.
Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.