«7 арнаға» ребрендинг жасалды

Ulysmedia

Жаңа маусымын бастаған «7 арна» арна көрерменді көп жаңалықпен таңғалдыруға уәде беріп отыр.

Арнаға ребрендинг жасалды. Логотипі ауыстырылып, бағдарламалар кестесі қызықты контентпен толықты.

"Біз барлық жастағы көрермен үшін заман талабын ескеріп, қайта жаңардық. Түрлендік. Әртүрлі түрге ендік. Көңілді күйге ендік. Бұның бәрі Сіз үшін патша көңіл көрермен. Ерекше жобаларымыздың бірі – «Қыздар-ай». Өйткені, әйелдер – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы", – дейді арнаның бас директоры Әния Байораз.

Аталған «Қыздар-ай» бағдарламасы бүгін сағат 14:30-да алғаш рет көрерменге жол тартады. Жүргізушілері – Жанар Айжанова мен Аша Матай. Бағдарлама нәзік жандардың жан жүрегін тербеп, көрерменге күн сайын студияға келген алуан кейіпкердің алуан түрлі өмірі мен өзекті мәселелерін толғайды. Тағдыр талайымен бірге олардың қуанышы мен жұбанышы, жетістігі мен жетпей жатқан тұстары, өмірлік тәжірибелері мен тәлім-түсінігі талқыға түседі.

Тағы бір жаңалық – танымал тұлғалар туралы «Жұлдызды шаңырақ» және «Қызықты weekend» бағдарламалары. Әр сенбі мен жексенбі күндері Анна Данченко жүргізетін жобада танымал шоу бизнес, театр және кино жұлдыздарының өміріне сыр айтылып, естеліктер тыңдалады.

Бұған қоса жақын арада 7 арна эфирінде қазақ және орыс тілдерінде баламасы жоқ апталық кешкі шоу басталады. Авторлар оның сценарийін әзірге құпия ұстап отыр.

Айта кетсек, 7 арна бұған дейін олигарх Машкевичке тиесілі болатын. Ол өткен жылдың соңында өзінің барлық медиа активтерін сатып жіберді.