Мемлекет басшысы ұстаздарды мерекесімен құттықтады

Ulysmedia

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!», - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасына.

Биыл мұғалімдер күні қазан айының үшінші күніне сәйкес келді, дәстүр бойынша мереке қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі.