Талибан билігіне қарсы: Ауғанстанда әйелдер митингке шықты

Ulysmedia

Ауғанстанда бір топ әйел тәліптердің билігін мойындамауды талап етіп, наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Euronews арнасына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Кабулда (ел астанасы) наразылық шерулері өтті. Демонстрация БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша шақырылған халықаралық жиыны қарсаңында өтіп жатқаны атап өтілді. Қатысушылар 2021 жылы билікке келген Талибанға қарсылық танытты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, ауғандық әйелдердің оннан тоғызы зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Күйеуі нашақор болған немесе елден кеткен жағдайда ғана ажырасуға рұқсат етіледі.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан неліктен Ауғанстанмен экономикалық ынтымақтастықты арттыруды жалғастырып жатқанына жауап берген болатын.