Қарағанды ​​хайуанаттар бағында үркіген жылқы бастырмадағы адамдарды жарақаттады

Ulysmedia

Жылқы шарлардан қорқып, адамдармен бірге бастырмаға кіріп кетеді. Бұл туралы ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Хайуанаттар бағы әкімшілігі жылқының ұзақ жылдардан бері мекеме аумағына келушілер осы жылқыға мінетінін, ол өте жуас екенін айтты.

Кеше хайуанаттар бағының қонақтары әртүрлі шарлар алып келген. Жылқы содан үркіп, үрейленге, содан кейін ол бастырмаға шауып кірген. Онда 4 адамнан тұратын отбасы болған.

Әкесі мен екі баласы зардап шекті. Әйелдің аяғы мен арқасы жараланған.

"Жұмыс күнін бітіріп жатыр едік. Ат байлаулы еді. Сол кезде ата-анасымен бір бала өтіп бара жатты. Баланың қолында бірнеше шар бар. Жел көтеріліп, шарлар атқа қарай ұшып кетті. Ол содан үркіп, шауып кетті. Жақын жерде бастырма бар. Онда бір отбасы – әйел,ер және екі бала болған. Олар зардап шеккен,  алайда ауыр жарақаттары жоқ. Жедел жәрдем шақырдық, оларды ауруханаға  алып кетті. Көп ұзамай, жарақаттары таңылып, үйлеріне қайтарылды», - деп түсіндірді хайуанаттар бағының өкілі.

Хайуанаттар бағында шарларды сатуға тыйым салынғаны атап өтілді. Хайуанаттар бағы әкімшілігі келушілерден мұндай шарларды әкелмеуді сұрап, істі аттың форс-мажорлық жағдайы деп атады.