ШҚО-да студент пен оқушы суицид жасады

Ғалиасқар Думан

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

turkystan.kz

YK-news.kz-тің жазуынша, Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы мен Алтай қаласындағы колледждің студенті өз-өзіне қол жұмсаған.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбектің кәмелетке толмағандардың өлімі фактісін растады. Олар студент және 6-сынып оқушысы.

«Оқу кезінде емес, демалыс күндері балалар үйінде жүрген кезде болған, бұл суицид пе, жоқ па - оны полиция анықтайды», - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.