Саясаттанушы Ерік Ілиясов Түркиядағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Сайлау тартысты өтті. Ердоған бірден жеңіске жете алмады, бірақ 50%-ке шамалы ғана жетпей тұр. Екінші тур жасамау үшін барын салып, жеңісті жариялайтын шығар?!”, – деп жазды ол желіде.
Сондай-ақ, саясаттанушы қай үміткердің қай өңірде көп дауыс жинағаны көрсетілген картаны жариялады.
“Стамбұл, Анкара, Измир, Анталья, Ескішехир сияқты дамыған (оқыған) аймақтар оппозицияны қолдаған. Сондай-ақ өткенде жер сілкінісі болған Хатай мен күрдтердің шоғырланған кейбір аймақтары Ердоғанға аз дауыс берген . Оңтүстік шығыс аймақтар Кылычтароғлуны қолдаған, өйткені ол сол жақта туылған. Ал солтүстік өңір Ердоғанға дауыс берген, себебі белгілі. Аталары Ризеде өсіп-өнген. Иә, түріктерде де жершілдік бар”, – дейді Ерік Ілиясов.
Еске салайық, кеше Түркияда президент сайлауы өтті. Оның қорытындысы бойынша үміткерлердің ешбірі 50 пайыз жинай алған жоқ.