Санкцияны айналып өтуге жол берілмейді - Мәулен Әшімбаев

Ulysmedia

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев батыс елдерінің Ресейге санкциясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Ол Қазақстанның батыс мемлекеттері Ресейге салған санцияларды бұзбайтынын атап өтті.

“Еліміздің территориясы, компаниялары санкцияны бұзу үшін пайдалануға ешқандай мүмкіндік берілмейді. Бұл - Қазақстанның нақты ұстанымы. Бұл ұстаным аясында ары қарай жұмыс істейміз. Ең бастысы, біз сыртқы саясатымызда ұлттық мүддемізге бағытталған қадамдар жасаймыз», - деді М. Әшімбаев тілшілердің сауалына орай.

Қазақстанның позициясын бұған дейін мемлекет басшысы да, сыртқы істер министрлігі де бірнеше рет жариялаған болатын.