Қарағандыда бірнеше ауыл тұрғындары сусыз қалды

Айнель Аянова

Қарағандыда ірі су құбыры апаты болып, салдарынан Сортировка, Рабочий, Компанейская кенттерінің тұрғындары суық сусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ekaraganda.kz басылымының жазуынша, 22 мамырда сағат 23:48-де диаметрі 500 мм №6 магистральдық су құбырында апат болған. Су беру сағат 1:30-да тоқтатылған.

"Қарағанды Су" ЖШС 23 мамыр күні таңертең апатты жою жұмыстары басталғанын мәлім етті.

Кәсіпорын сусыз қалған нысандарға су тасымалдауды ұйымдастырды. Бірінші кезекте ауыз сумен әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілер (ауруханалар, мектептер) қамтамасыз етіледі, сондай-ақ су тұтынушыларға өтінімдер бойынша әкелінетін болады.

“Су тасымалдауға өтінімдерді 47-11-16 телефоны бойынша жіберуге болады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын үкімет басшысы құбырлардың жиі жарылуынан аймақтардағы тұрғындар айлар бойы сусыз қалатынын айтқан болатын.