Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер үкімет кулуарында еншілес компания FlyArystan-ның бөлінуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіндегілер FlyArystan мен Air Astana-ны бөлу нарық пен тарифтер деңгейіне оң ықпал ететді деген пікірде.
Алайда, Питер Фостердің бұл мәселе жөнінде пайымы бөлек.
"Егер FlyArystan және Air Astana-ны жедел бөлу мәселесін қарастырсақ, онда біз тарифтердің төмендеуі жайлы сөз қозғау мүмкін емес. Керісінше, тарифтер өсуі мүмкін. Бұған қазіргі уақытта Air Astana компаниясының қызметтері мен ресурстары бойынша лоукостер пайдаланатын синергия себеп. Егер екі компания бөлінсе және бұл синергия жоғалса, онда бағаның арзандауы емес, тарифтердің өсуі туралы айтуға болады", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы жекешелендіруді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ, авиация комитетінің төрағасы елімізде әуе билеттерінің құны неліктен қымбат екенін түсіндірген.