Тергеу кезінде адам азаптаған 39 полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ведомство полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде бейнекамералармен қамтылмаған 5812 учаске мен үй-жайлар және 900 жұмыс істемей тұрған камера анықтаған. 

“Аумақтық полиция департаменттерінің, ҚАЖК және ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осы және басқа да полиция қызметкерлері арасында азаптаудың алдын алудың мәселелері Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың қатысуымен Ішкі істер министрлігінде өткен ведомствоаралық кеңесте талқыланды. Ол қазіргі уақытта 88 азаматқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін күштік органдарының 39 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын атап өтті”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодарда адам азаптаған полицейге үкім шыққан.

Сондай-ақ, ШҚО-да сотталғандар түрме қызметкерлерінің тегін дұрыс атамағаны үшін азапталғаны жайлы жазғанбыз.