Украиналық әртіс Ольга Полякова Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған ресейлік әртістерге ең жақсы реакция көрсеткендерге байқау жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Байқау шарттары қиын емес, анық әрі белгілі.
«Лепстің немесе Басковтың бетіне түкіру керек, артынан тепсе де болады. «Украинаға даңқ!» деп қатты айтыңыз! Барлығын видеоға түсіруді ұмытпаңыз. Бірден картаға 1000 доллар», - дейді ол.
Еске салайық, Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысына 1 миллион рубльден уәде еткен. Бұқаралық ақпарат құралдарының кері реакциясы әлеуметтік желіде трендке айналды. Бұған дейін Арман Шораев Лепстің Конаевода өткен концертін бұзғандарға 1 миллион теңге уәде еткен.
Қазақстандықтар Григорий Лепстің Конаевода өтетін концертін тоқтатуды талап етіп жатыр.