Қазақстанның қай қалаларында жылу бағасы өседі

Ғалиасқар Думан

Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Мирас Зеріпбаев жылу тарифтерін көтеру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

inbusiness.kz

Ол тариф экономикалық негіздеме бойынша белгіленетінін атап өтті.

"Егер субъект тарифті 100 пайызға көтеруді сұраса, бірақ соншалықты көтеруді негіздейтін құжаттары болмаса,  онда біз өтінішін қабылдамаймыз. Біз міндетті түрде әлеуметтік пікірді ескереміз. Тарифті бекіту алдында сарапшылар мен жұртшылықты тарта отырып, жария тыңдаулар өткізіледі. Егер халық тарапынан тарифтердің көтерілуіне қатысты түсінік болмаса, онда біз бұған назар аударамыз", - деді ол.

Зеріпбаев Қазақстандағы инвестициялық бағдарламаларды өзгерту бойынша жылу энергетикасы саласында 67 субъект анықталғанын айтты.

"Біз оларды "қызыл, сары және жасыл" аймақтарға бөлдік. 27 субъект қызыл аймақтарға жатқызылған, яғни тозу деңгейі – 65 пайыздан жоғары. Олардың 24-інен өтінім түсті. Қазір шешімдер қабылдануда", - деді комитет өкілі.

Журналистер әңгіме нақты қай аймақтар туралы екені нақтылауды сұрады.

"Бізге қызыл аймақ бойынша 24 өтінім келіп түсті. Бұл – Павлодар, СҚО, Абай, Ақмола облыстары, Алматы және т.б. Өтініштер өте үлкен өсіммен беріледі, бірақ біздің департаменттер бәрін талдайды, барлық құжаттарды тексереді", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын еліміздің жылумен қамту жүйелеріне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы жарияланды.