Бұған дейін Астанада қайтыс болған адамдарды емханаларға заңсыз тіркегені белгілі болған еді. Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов кінәлі тұлғалардың тек тәртіптік жауапкершілікке тартылғанына наразылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әбенов Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа сұрақ қойды:
"Неліктен кінәлі адамдар тек тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Мұнда онсыз да жетіспей жатқан азаматтардың қаражаты қасақана ұрланғаны анық. Сізге бұл МӘМС қатысатын сыбайлас жемқорлық схемасы секілді көрінбей ме? Өйткені қор қызметкерлері көрсетілмеген қызметтерге ақы төлеп жатқанын білмеуі мүмкін емес", - деді ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары Әбеновтің пікірімен келісіп, қазақстандық медицинада тәртіп жоқ екенін айтты:
"Медицинада қашан тәртіп ортылар екен?"
"Нақты сұрақтарға нақты жауаптарды көргім/тыңдағым/оқығым келеді, шаралар қабылданады деген кезекші жазба емес"
"Бақылаусыздық және жазасыздық", - дейді пайдаланушылар.
Ғинияттың өзі азаматтардың наразылығына жауап беріп, министрлік пен сақтандыру қорындағы тіркелу мәселесі ведомствода "белсенді түрде көтеріп, анықталып жатқанын" деп атап өтті.
"Қор барлық көрсетілген қызметтердің тек 10%-ын мониторингтен өткізеді, цифрландырудың аяқталмауына байланысты үздіксіз бақылау жоқ. Мониторинг арқылы анықталған заң бұзушылықтар тиісті органдарға беріледі. Тексеру қорытындысы бойынша әкімдік пен ДСБ шаралар қабылдайды", - деді министр.
Айта кетейік, бұдан бұрын Наталья Годунова Медсақтандыру қорындағы бұзушылықтар туралы айтып, қор жұмысына аудит жүргізілетінін мәлімдеген.