Адам азаптағаны үшін күштік органдардың 17 қызметкері сотталды

Ғалиасқар Думан

Жыл басынан бері елімізде азаптау фактілері бойынша күштік органдардың 35 қызметкеріне қатысты істер сотқа жіберіліп, 17 адам сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.

“Азаптаулардың алдын алу мақсатында заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп азаматтарды жеткізу қағидалары бекітілді, адамды ұстаған сәттен бастап міндетті бейнетіркеу қарастырылды. Колонияларда, тергеу изоляторларында және тергеу органдарының қызметтік үй-жайларында бейнебақылау қамтамасыз етіледі. Стамбул хаттамасының стандарттары бойынша азаптау туралы істерді тергеу әдістемесі әзірленді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын тергеу кезінде адам азаптаған 39 полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

Сондай-ақ, ШҚО-да сотталғандар түрме қызметкерлерінің тегін дұрыс атамағаны үшін азапталғаны жайлы жазғанбыз.