"Үкімнің күші жойылды": Боранбаев ісіне қатысты тың ақпарат тарады

Ғалиасқар Думан

Әлеуметтік желілерде сот бизнесмен Қайрат Боранбаевқа шығарылған үкімнің күшін жою туралы шешім қабылдағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ақпаратқа сүйенсек, бірінші отырыс кезінде үкімнің күші жойылды, іс бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша жаңа қарауға жіберіледі.

Кәсіпкердің адвокаттары сотқа кінәсін мойындай отырып, іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішпен жүгінді. Істі қарау әзірге кейінге қалдырылды. Тараптарға мәміле шарттарын талқылауға уақыт берілді.

Соңғы сөзінде Боранбаев АзияГаз Чунджа ЖШС мен QazaqGaz АҚ арасындағы мәмілені "коммерциялық және заңды, бірақ қате болуы мүмкін" деп санағанын мәлімдеді. Кәсіпкер ықтимал залалды өтеуге дайын екенін білдірді.

Астана соты бұл ақпаратты жоққа шығармады, растаған да жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Боранбаевтың сенімді өкілі Роман Наханов, сондай-ақ "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақта  8 жылға сотталды.

Үй қамауында болған Жанұзақ сот залында қамауға алынды.