Жетісу облысында заңсыз тасымалданған 10 мың қорап темекі тәркіленді

Ғалиасқар Думан

Жетісу облысында Бақылау-есепке алу маркалары жоқ акцизделетін (темекі) өнімдерді тасымалдады деген күдікке ілінген азамат тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

brusselstimes.com

Қаржылық монитоинг агенттігінің мәліметінше, жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн ​​теңгеден асатын, тіркеу және бақылау белгілері жоқ 10 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Осы жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

“ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтер таратуға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда темекі қымбаттады.